18.07.2022, 11:45
Оқылды: 38

2019 жылдан бері анасының азаматтығы жоқ 1500 нәресте тіркеуге алынған

2019 жылдан бері Қазақстанда анасының азаматтығы жоқ 1500 нәресте тіркеуге алынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220718123629665e

БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының бағдарламалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі, Қазақстандағы ұлттық кеңсенің басшысы Ирина Біләлова ҚР Ішкі істер министрлігі өткізген онлайн брифингіде осындай мәлімет келтірді.

«Қазақстан 2014 жылы сол кездегі босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссар, қазіргі БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен бірге, «I belong» атты азаматтықсыздық проблемасын 2024 жылға дейін жоюға бағытталған жаһандық науқанын іске қосқан. Содан бері Қазақстан азаматтықсыздықтың алдын алу мен реттеу ісінде айтарлықтай табысқа қол жеткізді. 2019 жылы ҚР Парламенті Неке және отбасы туралы кодекске медициналық мекемелерде туған балаларды ата-аналарының құқықтық мәртебесіне қарамастан тіркеу рәсімін регламенттейтін өзгерістер енгізді», - деді.

Айтуынша, осы шараның арқасында ел аумағында дүниеге келген нәрестелерге анасының азаматтығы жоқ болса да, тіркеуге алынатын болған.

«Әділет министрлігінің мәліметі бойынша, 2019 жылдың соңынан бастап 1500 бала анасының жеке басын куәландыратын құжаты болмаса да тіркеуге алынды. 2020 жылы «Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңына енгізілген түзетулер азаматтықты анықтау жөніндегі ұлттық рәсімдерді енгізді.

Аталған акция барысында республика бойынша 9 мыңға жуық азаматтығы жоқ адам анықталды. Бұл 2014 жылдан бастап 2022 жылға дейінгі аралықта БҰҰ-ның серіктес ұйымдары түзген статистикадан көп. Яғни мемлекет пен азаматтық қоғам институттары арасындағы бірлескен әрекет пен тығыз ынтымақ бұл проблеманы жоюда шешуші фактор бола алатынын көрсетті», - деді БҰҰ өкілі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале