24.06.2021, 15:58
Оқылды: 40

2021 – 2022 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қалай жүзеге асады?

Қазіргі таңда облыста 34 колледж, соның ішінде  24 мемлекеттік және 10 жеке меншік колледждер жұмыс істейді. Кадрларды даярлау 135 біліктілік, 71 мамандық бойынша жүргізіледі.

19BEA89A-5645-4F13-933F-DD8F1085445F

Колледждерде 17 мыңнан астам студенттер білім алса, оның 11 мыңнан астамы (67,6%) мемлекеттік тапсырыс бойынша оқиды.

2021 – 2022 оқу жылында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін өңірдің индустриалдық-инновациялық дамуының басымдықтарына қажетті сұранысқа ие 54 мамандық, 71 біліктілік бойынша 3512 адам саны Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен құрылған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссиясымен қаралып, бекітілді.

Бұл тапсырыстар 32 колледжге орналастырылады.

 БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале