24.12.2020, 9:30
Оқылды: 4

2021 жылы Орал қаласында сығылған табиғи газ құю станциясы салынбақ

БҚО табиғи газды көлік отыны ретінде пайдаланатын болады. Бірінші автомобиль газын құю компрессорлық станциясы облыс орталығында келесі жылы салынады.

гах3

Бұл туралы облыс әкімі Ғали Есқалиев пен «ҚазТрансГазӨнімдері» ЖШС бас директоры Алик Ашировтың кездесуі барысында айтылды. Газ құю станциясының құрылысы облыс автомобиль көліктерін табиғи газға көшіру аясында жүзеге асырылады. Жобаны іске асуын «Aqjaiyq» ӘКК қадағалайтын болады.

Облыс әкімі коммуналдық мекемелер техникалары мен автобус парктері пайдалануда арзан әрі экологиялық таза отынға көшу қажеттілігі туралы бірнеше мәрте айтқан болатын. Аталған табиғи газды пайдалану технологиясының бірқатар техникалық және қаржылық артықшылықтары бар. Сондықтан автобус паркінің бір бөлігін сығылған газға ауыстыру туралы шешім қабылданды.

газ1

«КазТрансГазӨнімдері» компаниясымен алдын-ала келісім бойынша «SKYMAX TECHNOLOGIES» компаниясы бас мердігер ретінде технологиялық жабдықтарды жеткізіп, құрылыс жұмыстарының барлық түрлерін орындайтын болады.

Алик Ашировтың айтуынша, жанармай құю станциясының құрылысы үшін Желаев тас жолының бойында жер учаскесі анықталды. Станцияның  газ құюға арналған екі жақты 4 бағаны болады деп жоспарлануда.

- Осы мақсатта қалалық әкімдік пен жеке тасымалдаушылар жаңа автобустар сатып алуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, коммуналдық техниканы табиғи газға ауыстыру да жоспарда тұр. Сондай-ақ, жанармай бекеттерін кеңейту мен қызмет көрсету перспективалары туралы мәселені алдын-ала ойластыру қажет, - деді аймақ басшысы.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, тараптар жұмыс жоспарын бекітіп, үш жақты келісімге қол қоятын болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале