12.12.2022, 16:16
Оқылды: 63

2023 жылы 1 млн-ға жуық адам жұмысқа орналасады

2023 жылы 1 млн-ға жуық адам жұмысқа орналасады. Бұл туралы ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

16

«Халықты жұмыспен қамту аясында биыл 830 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты, соның ішінде 233 мыңы – жастар. Келесі жылы 1 млн-ға жуық адам жұмысқа орналасу керек. Мемлекеттік органдар, кәсіпорындар мен жұмыс берушілердің арасындағы Бірлескен іс-қимылдың бірыңғай алгоритмі қабылданды. Ол ел бойынша еңбек дауларының санын 5 есеге азайтуға мүмкіндік берді», - деді Премьер-Министр.

Үкімет басшысының атап өтуінше, мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері уақытылы және толық көлемде орындалып жатыр.

«Биыл цифрлық технологиялар арқылы әлеуметтік қорғау саласында 1 млн-ға жуық қызмет көрсетілді. Келесі жылы 4,4 млн-нан астам адам 4,6 трлн теңгеге көтерілген әлеуметтік төлемдерді алады. 1 қаңтардан бастап Отбасының цифрлық картасы арқылы әлеуметтік қорғау саласындағы қызметтері проактивті форматқа көшіріледі», - Әлихан Смайылов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале