18.05.2022, 10:00
Оқылды: 57

2023 жылы Қазақстанда зейнет жасы төмендеуі мүмкін – телеарна

Келесі жылы Қазақстанда зейнет жасы төмендеуі мүмкін. Бұл туралы Үкімет кулуарында премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AstanaTV-ға сілтеме жасап.

01

Бұл мәселе 2022 жылдың соңында шешіледі. Әзірше Қазақстанда ерлердің зейнет жасы - 63, әйелдердің қазіргі уақыттағы зейнет жасы - 60,5, одан әрі 2027 жылы 63 жасқа дейін біртіндеп артады.

"Әлеуметтік кодекс аясында осы мәселелердің барлығын талқылаймыз. Жыл соңына дейін шешеміз", - деді премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале