ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Үкімет кулуарында киік санын реттеу шаралары туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгін біз ақбөкендерді атуға жарияланған мораторийді ұзарту туралы ұсыныспен ақпарат жібердік. Егер біздің ұсынысымыз қолдау тапса, онда 2023 жылдың соңына дейін ақбөкендерді атуға тыйым салынады. Яғни, келесі жылы ақбөкендерді атпаймыз», - деді Серікқали Брекешев.