4.07.2022, 16:16
Оқылды: 89

2023 жылы Түркістанды түркітілдес елдердің туристік астанасы ету ұсынылды

Келесі жылы Түркістан қаласы түркітілдес елдердің туристік астанасы болуы мүмкін. Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

_turkistan егемен

Сурет: egemen.kz

«Түркістан - еліміздегі туристік қарқыны жоғары өңірлердің бірі. Қаланың инфрақұрылымы жыл санап дамып келе жатыр. Түркістанға көліктің барлық түрі барады. Бүгінде аталған қалада республикалық және халықаралық айтулы іс-шаралар өтіп жатыр. Әзербайжанда өткен түркітілдес елдердің туризмге жауапты министрлерінің кездесуінде Қазақстан 2023 жылы Түркістан қаласын түркітілдес елдердің туристік астанасы етіп жариялауды ұсынды. Биыл түркітілдес елдердің туристік астанасы – Баку», - деді Ержан Еркінбаев тілшілердің сұрағына жауап беріп.

Вице-министрдің айтуынша, биыл Түркістанға туристерді тарту мақсатында бірқатар ауқымды шара өткелі отыр.

«Жыл соңына дейін жоспарланып отырған іс-шаралардың форматы әртүрлі. Оның ішінде мәдени, туристік, спорттық, ойын-сауықтар, тағы сол сияқтылар бар», - дейді ол.

Бұған дейін елордада туристерге арналған жаңа жобаның қолға алынғаны туралы хабарлаған едік. «Neo Nomad 2022» акциясына қатысушы турист бір жылдың ішінде еліміздің 20 аймағына барып, арнайы қойылған жиектеменің (рамка) алдында суретке түсуі тиіс.

Осылайша 20 фотосурет жинаған туристке «Заманауи көшпенді» мәртебесі беріліп, естелік сыйлық табыс етіледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале