10.01.2024, 11:48
Оқылды: 72

2023 жылы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі шаралар

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті қоғамдық қауіпсіздікке қылмыстың ұйымдасқан түрі тарапынан төнетін қатерлерге қарсы іс-қимыл бойынша кешенді шараларды жүзеге асыруда", - деп хабарлайды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

055417bd68f7ea57f15da4eb4b456aef_1280x720

Фото: www.gov.kz

2023 жылы ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп 15 аса қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті.

Тінту кезінде бұл топ мүшелерінен оқ ату қаруы, ақшалай заттар, есірткі заттары мен олардың құқыққа қайшы әрекеттерінің өзге де заттай дәлелдемелері алынды.

Жалпы кісі өлтіру, тонау, бопсалау, қарақшылық және басқа ауыр қылмыстар жасады деген күдікпен 98 адам ұсталып, олардың 40-ы сотталды. Қалғандарына қатысты әлі де сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша іс-шаралар жалғасуда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале