17.11.2023, 12:45
Оқылды: 71

2024 жылдан бастап мемқызметкерлердің жалақысы өседі

Еңбекмині азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесіне өзгерістер енгізу туралы үкімет қаулысын дайындады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 ЖП АҚША

Атап айтқанда, біліктілік санаттарына қолданылатын коэффициенттерді арттыру қарастырылған.

Орындалатын жұмыстарды белгілі бір күрделілікке жатқызу және жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына сәйкес жүргізіледі.

Азаматтық қызметшілердің құрамына білікті жұмысшылар кіреді.

Түсіндірілгендей, коэффициенттердің ұлғаюы 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақының 85 мың теңгеге дейін көтерілуіне байланысты қарастырылған, Еңбек заңнамасына сәйкес бірінші разрядты жұмыскердің еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарында және (немесе) жұмыс берушінің актілерінде көзделген айлық жалақысының ең төмен мөлшері айлық жалақының ең төмен мөлшерінен кем болмауға тиіс.

Қаулы 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Құжат 30 қарашаға дейін қоғамдық талқылау үшін «НҚА» сайтында орналастырылған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале