13.01.2025, 11:15
Оқылды: 174

2024 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 54 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 296 кәсіпорны 18,8 мың жұмыскерге 4,5 млрд теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында 8,1 мың еңбек құқығының бұзылуы анықталды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

7c9b676a08b8300fcdd14119d8bd8898_1280x720

Сурет: gov.kz

Жалақы бойынша берешегі бар кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 251 ұйғарым берілді және 51 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 17,7 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 3,7 млрд теңге төленді.

Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында.

2024 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 5 577 тексеру жүргізді, оның барысында 8 122 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында – 6 219; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 1 835; халықты жұмыспен қамту бойынша – 68.

Жұмыс берушілерге 3 326 ұйғарым беріліп, 408,5 млн теңге сомасына 3 548 әкімшілік айыппұл салынды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 36,4 мыңнан аса жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале