2025 жылдың қаңтар–желтоқсан айларының қорытындысы бойынша пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 2024 жылмен салыстырғанда 5,1% артып, 20 099,1 мың м2 құрады. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы жазды.

Оның ішінде:
13 523,7 мың м2 – көппәтерлі тұрғын үйлер
6 416,2 мың м2 – жеке тұрғын үйлер
Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі бойынша көшбасшы өңірлер:
2024 жылмен салыстырғанда ең жоғары өсім Жетісу (+11%), Алматы (+10,2%) және Қарағанды облыстарында (+9%) тіркелді.
Тұрғын үйлердің негізгі бөлігі, яғни жалпы көлемнің 90% немесе 18 098,8 мың м2 жеке құрылыс салушылар тарапынан пайдалануға берілді. Сонымен қатар халықтың өз күшімен салған тұрғын үйлерінің көлемі 7 120,6 мың м2 құрады.
Жалпы 12 айда 37 219 тұрғын үй ғимараты пайдалануға берілді, оның ішінде 2 591-і көппәтерлі тұрғын үй (185,8 мың пәтер).
.png)
Жалпы, 2025 жылы Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 15,9% өсіп, 10 704,8 млрд теңгені құрады.