Жаңа жылдан бастап айлық есептік көрсеткіш өсіп, 3 932 теңгені құрайды. Яғни АЕК-пен есептелетін кез келген төлем оның ішінде айыппұлдардың да көлемі артады. Бұл туралы Ұлттық арна жазды.
Айыппұл төлейтіндер саны жыл сайын өсіп жатыр. Мысалы, 2020 жылы 7 млн адам жауапқа тартылса, былтыр 10,5 млн. Ал, биыл 9 айдың өзінде 10 млн 700 мың.
Сонымен бірге мәні бір, бірақ көлемі әр түрлі айыппұлдар бар. Қоғамдық орында түкіргені, сондай-ақ көрінген жерге қоқыс тастағаны үшін 19 660 теңге айыппұл салады. Ал қайталаса 10 АЕК, яғни 39 320 теңге көлемінде айыппұл төлейді.
Қоғамдық орындарда балағат сөз айтқандарға 20 АЕК, яғни 78 640 теңге айыппұл салады немесе 30 тәулікке қамауға алынады. Ал мұғалімді немесе дәрігерді балағаттаса, онда 10 АЕК (39 320 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған.