7.01.2025, 14:30
Оқылды: 62

2025 жылы Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қалай өзгерді

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2024 жылғы 4 желтоқсандағы №141-VIII Қазақстан Республикасының Заңына сай облысы бойынша 98756 зейнеткердің жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап алынатын мөлшерден 8,5%-ға арттырылғанын хабарлайды.

Ақша JP

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жасына байланысты жаңадан тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс 55 АЕК-ні (216 260 теңге) құрайды.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 206-бабына сәйкес ЕТКД-нің жаңа мөлшеріне пайыздық қатынаста белгіленеді (облыста 98 756 зейнеткер).

Мәселен, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болғанда немесе болмағанда тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызы (65 пайыздың орнына) мөлшерінде, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жылдан артық әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға арттырылады, бірақ ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының 110 пайызынан аспайтын мөлшерде беріледі.

Бұл жаңа тағайындалған зейнеткерлерге және 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетке шыққандарғада қатысты.

«2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап:

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 932 теңге мөлшерінде;

Ең төменгі зейнетақы – 62 771 теңге;

Ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) – 46 228 теңге;

Базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 32 360 теңге болып белгіленді.

Мүгедектігіне (облыста 24 719 адам). және асыраушысынан айрылу (облыста 7 520 адам) жағдайына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері, оның ішінде Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында тұратын және түзеу мекемелерінде орналасқан адамдар үшін Кодекстің 177 және 236-баптарында көзделген мөлшерде 2025 жылғы 1 қаңтарда ЕТКД мөлшерінің ұлғаюына байланысты (46 228 теңге) өседі.

Мысалы:

Жалпы аурудан мүгедектiгiнің тобына қарай (облыс бойынша-24719 адам) мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 2024 жылы 52 089 теңгеден 95 496 теңгеге дейін болса, 2025 жылы 55 474 теңгеден 101 702 теңгеге дейін артып 6,5 % өседі.

Асыраушысы қайтыс болған отбасының асырауында болғандар санына қарай 2024 жылы 39 935 теңгеден 130 221 теңгеге дейін болса, 2025 жылы 42 530 теңгеден 138 684 теңгеге дейін артып 6,5 % өседі.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 19 қарашадағы № 970 қаулысына сәйкес 2025 жылы 1 қаңтарынан бастап 6,5 % артады.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап АЕК мөлшерінің артуына байланысты келесі жәдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің мөлшері артады:

№1 және №2 тізімдер бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылар,

жерлеуге біржолғы төлем,

бала тууға байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы,

ай сайынғы бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақы,

Кодексінің 190-бабының 3-тармағының 1)-17) тармақтарында қарастырылған арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар,

бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға (облыста 14 467 отбасы) берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы,

«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға (облыста 6 496 ана) ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы,

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарға және жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына тағайндалған, бірақ төленбеген бірреттік ақшалай өтемақы.

Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмектің мөлшері 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап инфляция деңгейіне – 6,5% өседі.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕТКД мөлшерінің артуына байланысты мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға (облыс бойынша-7520 адам), қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын (облыс бойынша-3185 адам) және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы және бірінші топ мүгедектігі бар адамға күтімді жүзеге асыратын адамға (облыс бойынша-2505 адам) мемлекеттік жәрдемақы мөлшері көтеріледі (2024 жылы - 69 886 теңге болса, 2025 жылы - 74 428 теңгеге дейін артты, өсімі 6,5 %).

2024 жылы республикалық бюджеттен зейнетақы мен жәрдемақыларды төлеуге 190,0 млрд.тенгеден астам қаражат жұмсалды, с.і. мүгедектігі бойынша жәрдемақыға – 15,8 млрд.теңге, асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақыға – 5,0  млрд.теңге, көп балалы отбасылардың жәрдемақысына – 10,9 млрд.теңге.

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және

бақылау комитетінің БҚО бойынша департаментінің мәліметі

Атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде

Атаулы әлеуметтік көмек а.ж. 1 қаңтарына 1 742 отбасына, оның ішінде 8 744 адамға 729,0 млн. теңгеге көрсетілді. Былтырғы жылмен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар саны 27,6% төмендеді (01.01.2024 ж. 2 405 отбасы, 11 825 адам). 31 ауылдық елді мекенде атаулы әлеуметтік көмек алушылар жоқ.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылары жоқ елді мекендер (31):

  1. Ақжайық ауд.2 ауылдық елді мекен (АЕМ) (Ақсуат, Базаршолан)
  2. Бәйтерек 6 АЕМ (Шалғай, Бейбітшілік, Сұлукөл, Раздольное, Чиров, Құрманғазы)
  3. Бөрлі 5 АЕМ (Ақбұлақ, Достык, Приурал, Кеңтүбек, Қарағанды)
  4. Жәнібек 3 АЕМ (Қамысты, Талов, Ұзынкөл)
  5. Казталов 5 АЕМ (Тереңкөл, Бостандық, Қараоба, Бірік, Талдықұдық)
  6. Сырым 2 АЕМ (Елтай, Жосалы)
  7. Тасқала 2 АЕМ (Мерей, Шежін)
  8. Теректі 1АЕМ (Құмақсай)
  9. Шыңғырлау 5 АЕМ (Ақбұлақ, Алмаз, Ақтау, Ардақ, Қарағаш).

БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік

бағдарламалар басқармасының мәліметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале