9.05.2025, 15:30
Оқылды: 244

2025 жылы Қазақстандағы ауылдарда 176,4 млрд теңгенің мың жаңа жобасы іске асырылуда

Биыл еліміздегі 500 ауылдық елді мекенде "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы шеңберінде мыңға жуық жоба іске асырылмақ. Осы мақсатта 2025 жылға арналған бюджеттен 176,4 млрд теңге қарастырылып отыр, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика минстрлігінің баспасөз қызметі.

2

Жоба 2019 жылдан бері жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысының тапсырмасымен ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға — инженерлік, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту, негізгі қызметтерге қол жеткізуді арттыру, өмір сүруге қолайлы орта құруға арналып отыр.

2019-2024 жылдары ауылды дамытуға 524 млрд теңге бөлінді. 2,6 мың тірек және спутниктік ауылда 6,6 мыңнан астам жоба орындалды. Осының арқасында, 772 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысаны, мектеп, медициналық пункт пен мәдениет үйі сияқты 2,1 мың әлеуметтік нысан, 3 мыңнан аса кентішілік жол салынып, жөнделген.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале