16.01.2026, 9:45
Оқылды: 55

2025 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 62,8 мың жұмыскердің құқығын қорғады

2025 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 629 кәсіпорнында 11,9 мыңнан астам жұмыскерге жалақы бойынша 3,1 млрд теңгеден астам сомаға берешек барын анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 8,7 мыңнан астам фактісі анықталды.

_gluster_2022_11_21_099eda8e6cfec1531ac01592f2c75895_1280x720

Жалақы бойынша берешегі және еңбек құқығының бұзылуы анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 4 245 ұйғарым берілді және 524,3 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 11,8 мың жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 2,85 млрд теңге төленді.

Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында.

2025 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 6 599 тексеру жүргізді, оның барысында 8 720 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында – 7 089; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 1 585; халықты жұмыспен қамту бойынша – 46.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 51 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале