25.07.2024, 10:00
Оқылды: 218

2030 жылғы қысқы Олимпиада өтетін жер анықталды

Франциялық Альпі 2030 жылғы қысқы Олимпиаданы қабылдайды, деп жазады Olympic.kz. 

3DC5DAC1-AB1B-4530-B910-2D2EB842A23F

Сурет: Olympic.kz

Бұл туралы Парижде өтіп жатқан Халықаралық Олимпиада комитетінің 142-сессиясында белгілі болды. 

«Франция президенті Эммануэль Макрон мен басқа да қызығушылық танытқан тұлғалар 2030 Олимпиада ойындарын қабылдауға дайын екендіктерін жеткізді. Біз Францияның ғаламат Олимпиада ұйымдастырарына сенеміз», - деді ХОК басшысы Томас Бах. 

Айта кетелік, 2026 жылғы Олимпиада ойындары Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале