2050 жылға қарай Қазақстанда халық саны 25 млн адамға жетуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Шәпкенов айтты.
«Елімізде 294 мыңнан астам көпбалалы отбасы бар. Жыл сайын Қазақстанда туу көрсеткіші өсіп келеді», - деді вице министр «Ана мен баланы әлеуметтік қолдау: заманауи талаптар мен жаңа тәсілдер» атты дөңгелек үстел отырысында.
Осы орайда ол бала тууды ынталандыру ұлттық қауіпсіздіктің стратегиясы екенін атап өтті. «Талдау нәтижелері бойынша 2050 жылға қарай халық саны 1,3 есеге өсіп, 25 млн адамға жетуі мүмкін», - деді Серік Шәпкенов.
inform.kz