Қазақстанда ел алдындағы айрықша еңбегі үшін немесе төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен азаматтарға қосымша әлеуметтік көмек ретінде республикалық бюджеттен ай сайын арнайы мемлекеттік жәрдемақы (әрі қарай – АМЖ) төленеді. 2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша, оның алушыларының саны 207 780 адамды құрады, оларға 22,3 млрд теңге төленді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жазды.
