21 ақпан күні елдің солтүстік өңірлерінде қар жауып, бұрқасын болады. Батыс өңірлерде жаңбыр мен қар түрінде жауын жауады, көктайғақ болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын болады.
Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын болжанады.
Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, күндіз шығысында, оңтүстік-батысында көктайғақ болады. Өңірдің батысында, оңтүстігінде, орталығында – тұман, түнде солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с екпінде жел күтіледі.
Ақмола облысының солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз жаяу бұрқасын болады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман бақыланып, облыс орталығында жел 15-20 м/с артады.
Түнде және таңертең Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман болады. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ күтіледі.
Түркістан және Маңғыстау облыстарының солтүстігінде тұман түседі.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді.