18.04.2018, 12:22
Оқылды: 23

21 сәуірде «Ашық әкімдік» шарасы өтеді

teatr21 сәуір, сағат 10:00-де Х. Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында тұрғындарға арналған дәстүрлі «Ашық әкімдік» күні ұйымдастырылады.

Ашық есік күні Сіз өзіңізді толғандырған мәселені, өтінішіңіз бен ұсынысыңызды құқық қорғау органдары, мемлекеттік және коммуналдық мекемелер басшыларының  алдына қоя аласыз. Сол арқылы тиісті жауап пен құқықтық кеңестер беріліп, шешу жолдары қарастырылмақ.

«Ашық әкімдікті» өткізу тұрғындар арасындағы туындаған көкейкесті мәселенің шешімін жедел әрі тиімді жолмен шешуге бағытталған.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале