Бұл туралы Орал қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабардар етті. «Жол-құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, 2016 жылдың 22 шілдесінен бастап Сарайшық көшесінен Карев көшесіне дейінгі Достық даңғылының бөлігін жабу жоспарланған.
Қоғамдық көлік қозғалысы Пугачев көшесі бағытында Құрманғазы көшесі, Карев көшесінен Достық даңғылына шығу арқылы жүзеге асырылатын болады.
Пугачев көшесінен Достық даңғылы, Дәулеткерей көшесі бойынша Мұхит көшесіне және Достық даңғылы, Карев көшесі бойынша Есқалиев көшесіне шығады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - делінген хабарламада.