«Адвокаттарды электронды форматта тағайындау бүгінгі күннің жағдайында өзінің тиімділігі мен маңыздылығын көрсетті. Бұл іс-шаралар қылмыстық процесті жүргізетін қызметкерлерге адвокат тағайындауға, қорғаушының күдікті ісіне қатысуын қамтамасыз ету және мемлекет кепілдік берген заң көмегі шеңберінде күдіктіні автоматтандырылған режимде қорғауға байланысты заң көмегіне ақы төлеу туралы қаулы шығаруға мүмкіндік берді. 2020 жылдан, яғни ақпараттық жүйе іске қосылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін полиция органдары электронды форматта адвокаттарды тағайындау жөнінде 25 492 өтініш хат жолдады, оның ішінде адвокаттар 22 307-сін растады», - деді вице-министр.
Еске салайық, бұған дейін әділет органдарына мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету кезінде адвокаттардың әрекеттеріне 12 шағым түскенін хабарлап едік.