7.02.2022, 16:45
Оқылды: 137

24 маусым — Сот қызметкерлері күні болуы мүмкін

ҚР Жоғарғы соты Қазақстандағы мереке күндерінің тізбесіне өзгерістер енгізу туралы Үкімет қаулысының жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

182ac710e1074e1eae9871338b4a71de

«Мереке күндерінің тізбесі 13-1-тармақпен толықтырылсын:

24 маусым — Сот және сот қызметкері күні», – делінген қаулы мәтінінде.

Сот қызметкерлері күні Конституциялық негіздерді дамытуға, заңдылықты қамтамасыз етуге, жеке адамның құқығы мен заңды мүддесін қорғауға қосқан үлесі үшін сот қызметкерлеріне құрмет ретінде ұсынылды.

Түсіндірме хатта айтылғандай, 24 маусымды «Сот және сот қызметкері күні» кәсіби мерекесі деп белгілеу кездейсоқ емес. 1992 жылы дәл осы күні тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап қолданыста болған «Қазақ КСР-нің сот жүйесі туралы» заңға тек соттың сот төрелігін жүзеге асыруы туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Сонымен қатар онда республика соттары болып Жоғарғы сот пен жергілікті соттар (облыстық, қалалық, аудандық), сонымен бірге жаңадан құрылған әскери соттар көрсетілген.

Құжат 21 ақпанға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында жарияланған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале