15.02.2017, 15:44
Оқылды: 68

2500 жұмысшының еңбек құқығы қорғалған

Облыстық әділет департаменті мен БҚО жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы және облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшылары «Жалақыны өндіріп алуға байланысты атқарушылық өндірістерді орындау барысында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы» меморандумға қол қойды.


Меморандумда үшжақты тиімді әріптестік орнату, еңбек дауына байланысты жедел шаралар қабылдау, тығыз қарым-қатынас орнату бағытында нақты мақсат-міндеттер көрсетілген.

Облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Азамат Айтуевтің айтуынша, былтыр облыста 2500 жұмысшының құқығы қорғалып, 340 млн. теңге көлемінде жалақысы төленді. «Жұмыс беруші еңбек инспекторларының талабын орындамаған жағдайда, істі сот органдарына жолдаймыз. Әсіресе, тоқырауға ұшыраған кәсіпорындарға қатысты қозғалған еңбек дауын шешу қиын. Ондай жағдайда облыстық мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп жұмыс істейміз. Жалпы сот  органы қарауында 2013 жылдан бері созылған атқарушылық істер бар», – деді ол.                 

Нұртай АЛТАЙҰЛЫ,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале