26.12.2024, 9:15
Оқылды: 303

26-28 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы қандай?

«Қазгидромет» мәліметінше, бұл күндері ауа райы тұрақсыз болады, деп жазды Ұлттық арна.

Кыс Орал ЖП

Қар жауады, ал республиканың оңтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. 

Елдің оңтүстігінде ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады. 

Республика бойынша жаяу бұрқасын, екпінді жел соғып, тұман түседі. Елдің батысында көктайғақ болады. 

Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы түнде 3-15 градус аяз, күндіз -6, +5 градусқа дейін көтеріледі.

Елдің батыс бөлігінде ауа температурасында өзгеріс болмайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале