Қазақстандық Аружан Сағындықова Таиландта өтіп жатқан ITF World Tennis Tour W15 турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Фото: Қазақстан теннис федерациясынан
Дүниежүзілік рейтингте 1162-орында тұрған 18 жастағы қазақстандық теннисші екі кездесуін сәтті өткізді.
Аружан алдымен рейтингте 1075-сатыдағы Гонконг өкілі Мэн Инг Мэгги Нгті 6:4, 6:2 есебімен тізе бүктірді.
Екінші айналымда таиландтық Камонван Йодпетчті 0:6, 6:4, 6:4 есебімен ұтты.
Аружан Сағындықованың ширек финалдағы қарсыласы кейін анықталады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның әлемдік рейтингіде ТОП үштікке енгенін жазған едік.
Сондай-ақ Михаил Кукушкин АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына шықты.