Қаратөбе ауданы орталығындағы №277 сайлау учаскесінде бір жарым сағат ішінде 113 адам дауыс берді.
– Елімізде пилоттық негізде аудан әкімдерінің сайлы өтіп жатыр. Бұл – ұлттық демократиялық қоғам құрудағы нақты қадамдардың бірі. Ең маңыздысы, аудан халқының саяси белсенділігін арттырып, жаңашылдыққа жетелейді. Бабалар аманат еткен ел тәуелсіздігін сақтау – бізге парыз. Халқымыздың ымыра-бірлігі нығая берсін деймін. Еліміздің туы биік, тұғыры берік болсын. Мен конституциялық құқығымды пайдалана отырып, таңдауымды жасадым. Тұрғындарды саяси науқанға немқұрайлы қарамай, дауыс беруге шақырамын, – деді дәрігер әрі жас маман Нұрбол Құдайберген.
Сайлау барлық талапқа сай өтіп жатыр.
Ясипа Рабаева,
zhaikpress.kz