2.02.2023, 10:15
Оқылды: 51

29,5 мың гектар жер қайтарылды

Жер – мемлекеттің меншігі, яғни жер –Қазақстан Республикасының мүлкі. Жердің меншік иесі ретіндегі мемлекеттің құқықтарын заң актілерінде белгіленген ережелерге сәйкес оныңатынан мемлекеттік басқару құрылымдары жүзеге асырады. Соған орай орталық уәкілетті құрылым ведомствосының аумақтық бөлімшесі ретінде облыстық жер ресурстарын басқару департаменті облыс көлеміндегі жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылау жасайды, тексереді.    

фото2БЕсенгалиевУСХ

ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында пайдаланылмай жатқан 5 млн гектардан астам ауыл шаруашылығы жерін мемлекет меншігіне қайтаруды тапсырған болатын. Соған орай өңірде 2022 жылдың соңына дейін  250 мың гектар пайдаланылмаған жерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарланды.

Облыстық жер ресурстарын басқару департаменті жергілікті атқарушы құрылымдармен бірге және сот құрылымдарына талап-арызбен жүгіне отырып, барлығы 263,6 мың гектар (105,4%) мақсаты бойынша пайдаланылмай отырған ауыл шаруашылығы жерін мемлекет меншігіне қайтарды. Мемлекет меншігіне қайтарылған жердің  43,2 мың гектары – егістік,  211 мың гектары – жайылым, 9,3 мың гектары – басқа жер.

Жыл басынан бері жалпы 250 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, соның ішінде 190 тексеріс бойынша 212,6 мың гектар жер учаскесіне қатысты заңбұзушылық деректері анықталды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 3 шілдедегі №252 бұйрығына сәйкес қала және аудандардың жер қатынастары бөлімдері жүргізген мониторинг негізінде 2022 жылы нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған 305 мың гектар жер бары анықталды. Департамент тарапынан тиісті шаралар қабылданғаннан кейін 124 субъектіге тиесілі 164,1 мың гектар жер қайта игерілуде. Ал 21 субъектінің 29,5 мың гектар жер учаскесі (оның ішінде 14-і 20,0 мың гектарды өз еркімен, 7-еуі 9,5 мың гектарды мәжбүрлі түрде) мемлекет меншігіне қайтарылды. Сонымен қатар 64,6 мың гектар жер учаскесінің мақсатты пайдаланылуына тексеру жүргізіліп, жер телімдерін нысаналы және ұтымды пайдаланбаған 36 субъектіге нұсқама  берілді.

Жеке және заңды тұлғалардың арыздары және прокуратура құрылымдарының талаптары негізінде жергілікті атқарушы құрылымдардың жер учаскелерін беру заңдылығын анықтау мақсатында жалпы жоспардан тыс 65 тексеріс жүргізілді. Оның 64-інде көлемі 144 835,8 гектар жер учаскесіне қатысты заңбұзушылық анықталып, әкімдіктер тарапынан қабылданған 172 қаулының күшін жою туралы 64 нұсқама берілді. Оның ішінде 144 829,9 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін заңсыз беру фактісі бойынша 38 жоспардан тыс тексеріс ұйымдастырылып, әкімдіктер қабылдаған 86 қаулының күшін жою туралы 38 нұсқама берілді.

Қазіргі ғылыми-техникалық дамудың нәтижесінде сандық технологиялар арқылы жер ресурстарының тиімді игерілуін қадағалау айтарлықтай жеңілдеді. Нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін анықтау мақсатында «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ жерсеріктер арқылы жерді қашықтықтан зондтау деректерін қолдана отырып, ғарыштық мониторинг жүргізеді. Өткен жылы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ жерді пайдаланудың ғарыштық мониторингінің нәтижелері бойынша «JerInSpector» платформасы арқылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланбау (ұтымсыз пайдалану) жағдайлары анықталды. Департамент сол жер учаскелерін пайдаланушылардың жөнсіз және мүлде пайдаланбағаны жөніндегі 602 арнайы (инцидент) кәртішкесі бойынша ауыл шаруашылығы құрылымдарына жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы 1 жыл мерзімге тиісті нұсқамалар табыс   етті.

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 65-бабы негізінде субъектілер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін нысаналы және ұтымды пайдалану бойынша тиісті  шаралар  қабылдау қажет.

Жер учаскесін мақсатсыз пайдалану  немесе  пайдаланбаған  жағдайда:

– ҚР Әкімшілік бұзушылық туралы кодексінің 338-бабына сәйкес әкімшілік  жаза  қарастырылған;

– Салық кодексінің 509-бабының 5-тармағына сәйкес жер учаскелерінің базалық салық мөлшерлері жиырма  есеге  ұлғайтылады;

– Жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тізіліміндегі жеке және заңды тұлғаларға жер учаскелерін беруге жол берілмейді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2023 жылы қосымша облыс бойынша 250 мың гектар пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді  мемлекетке  қайтару  жоспарланды.

Берік Есенғалиев,

облыстық жер  ресурстарын басқару департаментінің басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале