Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы «Жайықмұнай» ЖШС тексеру барысында компания салық заңнамасының талаптарын бұза отырып, 38 млрд. теңгеден астам қаражатты өтелетін шығындарға негізсіз жатқызу фактілеріне жол бергенін анықтағанын хабарлайды.
Облыс прокуратурасының қадағалау актісі бойынша көрсетілген сома мемлекет өтейтін шығындардан алынды.
Сондай-ақ, салықтарға қосымша есептеу жүргізіліп, мемлекет кірісіне 9,5 млрд. теңге өндірілді.
Салық сомасын төмендеткені үшін компания айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынып, 2 млрд. теңге көлемінде айыппұл төледі.
Нәтижесінде облыс прокуратурасы мемлекеттік бюджетті 11 млрд. теңгеге толықтырды, сондай-ақ компанияның 38 млрд. теңгеден астам шығындарын бюджеттен негізсіз өтеуге жол бермеді.
Бұдан басқа, «Жайықмұнай» ЖШС-де трансферттік баға белгілеу мәселесі бойынша жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша салық салу объектілеріне түзету жүргізілді, қосымша есептеуге корпоративтік табыс салығының жалпы сомасы 725 млн. теңгені құрады, қазіргі уақытта өтеу сатысында.