Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдер қалыптасады. Бұл ауа райының тұрақсыз болуына әсер етеді, деп хабарлады Ұлттық арна.

Елдің солтүстігінде, орталық аймақтарында аздаған қар, оңтүстігінде, шығыс аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп болжанды.
Тек республиканың батысында, оңтүстік-батысында, антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Республика бойынша тұман болады. Температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.