24.12.2025, 17:00
Оқылды: 56

- 30 градус: Қазақстанда алдағы күндері аяз күшейеді

Қазақстанда температура - 30 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

ЖП қыс Кама апаның фотолары

Сурет сайт архивінен 

Алдағы күндері Қазақстан аумағы арқылы белсенді солтүстік-батыс циклоны қозғалады. Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады. Ал оңтүстік өңірлерде жауын-шашын қар аралас жаңбыр түрінде болады.

- 26 желтоқсанда оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде қатты жауын-шашын күтіледі. Республиканың басым бөлігінде бұрқасын болып, жел күшеюі мүмкін. Ал батыс және оңтүстік өңірлерде көктайғақ болады. 27 желтоқсанда циклонның орнына суық батыс антициклоны келеді. Бұл жауын-шашынның біртіндеп тоқтауына және ауа температурасының төмендеуіне әкеледі. Түнде солтүстік-батыс пен солтүстік өңірлерде -25…-30°C, ал шығыста -22…-30°C дейін аяз болады, - деп жазылхан хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер Қазақстанда қыс қандай болатынын хабарлаған еді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале