22.08.2023, 18:00
Оқылды: 42

3,2 млн астам жұмыскер жазатайым оқиғадан сақтандырылған

1 тамыздағы мәліметке сүйенсек, Қазақстанда 3,2 миллионнан астам жұмыскер өндірістегі жазатайым оқиғадан сақтандырылған. Өндірістегі жазатайым оқиға кезіндегі азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғауды іске асыратын тиісті шарттар кәсіпорындардың 53,1 пайызында жасалған.

crop-51_8_516x688_d1e4c82d122bf9fb9b274105386de943

Фото: ult.kz

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің абарлауынша, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың осы бағыттағы жұмысты күшейту туралы тапсырмасына сәйкес өңірлердің мемлекеттік еңбек инспекторлары жұмыс берушілерге еңбек заңнамасының талаптарын сақтау қажеттілігі туралы 125 мыңнан астам хабарлама жолдаған.

Тиісті шарттардың болмауы осы кәсіпорындарды тиісті тексеру жүргізу үшін профилактикалық бақылау тізімдеріне автоматты түрде қосу үшін негіз болады.

ҚР Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші қызметкерді еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыруға міндетті екенін естеріңізге сала кетейік.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале