7.08.2024, 15:00
Оқылды: 169

Назым Қызайбай: «Қазақ қыздары арасындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келген»

Париж Олимпиадасының жартылай финалында қытайлық У Юге есе жіберген Назым Қызайбай пікірін білдірді, деп жазады Olympic.kz.

D3D61C05-947D-493C-ABAD-F1D8A229A1E1

Сурет: Olympic.kz

«Әйелдер боксынан қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы атану арманым болды. Дзюдошы қыздармен Парижде жолыққанда да соны бір бірімізге тіледік.

Қазір өзіме аса көңілім толып тұрған жоқ. Өйткені алтын алғым келді және жеңуге болатын қарсылас еді. Алайда қытай қызы жекпе жек барысында алдап кетті. Оған қоса менде «қолаға жеттің, енді алтын алу керек» деген жүктеме тұрғандай болды. Сол кедергі келтіргендей.

Жеңсем де, жеңілсем де қасымнан табылатын отбасыма, достарыма рахмет айтамын!

Жеңісімді маған қолдау көрсеткен көпшілікке арнаймын!».

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале