Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан Азия чемпионатының ерлер арасындағы жартылай финалдық кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Сурет: СДД / Olympic.kz
Қазақстан құрамасының он боксшысы жартылай финалда өнер көрсетіп, тоғыз отандасымыз финалға шықты.
-48 келіге дейін: Санжар Тәшкенбай жапондық Казума Аратакені сенімді түрде жеңді.
-54 келіге дейін: Махмұд Сабырхан тайландтық Саравут Сукхтеттен басым түсті.
-57 келіге дейін: Оразбек Асылқұлов моңғолиялық Лундаа Гантумурды жеңіп, финалға өтті.
-67 келіге дейін: Дулат Бекбауов тәжікстандық Шухрат Саломатовтан айласын асырды.
-71 келіге дейін: Абылайхан Жүсіпов тағы бір тәжік боксшысы Шохобжон Шукуровты жарыстан шығарды.
-75 келіге дейін: Диас Молжігітов украиналық Павло Илюшаны жеңіп, финалға жолдама алды.
-80 келіге дейін: Өкінішке орай, Ерасыл Жақпеков өзбекстандық Турабек Хабибуллаевқа жол берді.
-86 келіге дейін: Бекзат Нұрдәулетов украиналық Данило Жасанды жеңіп, финалға шықты.
-92 келіге дейін: Сағындық Тоғамбай жартылай финалда қытайлық Туймяо Люді мерзімінен бұрын жеңіп, финалға өтті.
-92 келіден жоғары: Айбек Оралбай өзбекстандық Джаһонгир Зокировты жеңіп, алтынға таласатын болды.
Ерлер арасындағы финалдық жекпе-жектер 11 желтоқсанда өтеді.