25.08.2022, 17:16
Оқылды: 39

37 млн теңгеден астам қаржы ұрлаған Қазпоштаның 2 қызметкері 7 жылға сотталды

Қаржылық мониторинг агенттігінің БҚО бойынша департаменті «Қазпочта» АҚ пошта бөлімшесінің екі қызметкері ЖШС-лардың бірінің шотына өткізілген ақшаны 4 жыл бойы ұрлап келгенін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

15

Агенттіктің баспасөз қызметі таратқан деректерге қарағанда, ұрланған қаржының жалпы сомасы 37 миллион теңгеден асады.

Сонымен қатар, олар 2013-2020 жылдар ішінде құжаттарды қолдан жасау арқылы зейнеткердің 1,2 млн. теңгедан астам қаражатын иемденіп алған.

«Операторлар 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Оларға қаржылық және мемлекеттік ұйымдарда материалдық жауапты қызметтерді атқаруға өмір бойына тыйым салынады»,-делінген хабарламада.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале