30.12.2016, 10:49
Оқылды: 29

Аяз атаға хат жазған Шыңғыстың арманы орындалды

akim-shingis-kabildau   Аяз атаға хат жазған 8 жасар Шыңғыстың арманы орындалды. Жаңа жыл қарсаңында арманын хатқа түсірген Шыңғыс Сапиев Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновтің кабинетінде болды. Шыңғыс өз хатында облыс əкімінің жұмыс кабинетін көруді армандайтынын жазған болатын.


  Облыс басшысы Алтай Көлгінов Шыңғыстың нумизмат екенін ескеріп, əріптестерінің атынан бірнеше мемлекеттің ұлттық валютасының банкноттарын, Қазақстан Республикасы тəуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арнайы шығарылған ескерткіш монетаны жəне жаңажылдық сыйлықтарды тарту етті.

   Шыңғыс облыс əкімдігінің жиналыс залдарымен де танысты.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале