9.10.2020, 10:43
Оқылды: 51

388 пәтер ұрлығы орын алған

Жуырда Орал қалалық полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері осыдан екі жыл бұрын тіркелген пәтер ұрлығын ашты. Әккі ұры С.Тюленин көшесіндегі үйдің терезесін сындырып кіріп, үйдегі алтын бұйымдар мен құндыз тондарды, «Триколор» антенасының қабылдау құрылғысын, «Самсунг» ныспылы шаңсорғыш пен күзгі қымбат бағалы күртешені қолды қылған.

Pater urlygy

Жедел уәкілдердің іздестіру шаралары барысында 1973 жылы туған, еш жерде жұмыс жасамайтын Бәйтерек ауданының В. есімді тұрғыны ұсталды. Ол қылмысын толық мойындады. Орал қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі берген мәліметке сүйенсек, күдікті ұрлаған бұйымдардың денін сатып, ақшаны күнделікті өз қажетіне жаратқан. Тек күзгі күртешені ғана сақтап қойған. Бүгінде әккі ұры Орал қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұған дейін де бірнеше қылмыс жасап, істі болған күдіктіге қатысты материалдар жиналып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетсек, биыл Орал қаласында жыл басынан бері 388 пәтер ұрлығы тіркелген.

Гүлсезім Бияшева,

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале