«Центр Кредит» банкінің өкілі Гүлжаһан Хамитованың айтуынша 4 пайыздық автонесие зейнеткерлерге берілмейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл туралы ол жеңілдетілген автонесиелендіру жобасының қайта жандауына байланысты өткен брифингіде мәлім етті.
БАҚ өкілдері 4 пайыздық автонесиені зейнеткерлердің алу мүмкіндігі туралы сұрақ қойды.
«Бүгінде зейнеткерлер бойынша айтсақ, зейнет жасының аясында белгілі бір кезең бар және кредиттеу несие беру зейнет жасына дейін ғана көзделеді», - деді банк өкілі.
Айта кетейік, бүгін Қазақстанда 4 пайыздық жеңілдетілген автонесие беру басталды.
Бұл жобаға қатысатын 4 екінші деңгейлі банк анықталды. Олар: «Халық банк», «Банк ЦентрКредит», «Форте банк» және Еуразиялық банк».
«Бұлардың қатары әлі де кеңеюі мүмкін. Қазір өнеркәсіпті дамыту қоры басқа банктердің де өтініштерін қарастырып жатыр. Ол өтініштер мақұлданса, банктер саны көбейеді», - деді қордық басқарма басшысы Ғалымжан Әди.