«Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Ақындар айтысы» республикалық байқауы өтті.
Оқу-ғарату министрлігінің хабарлауынша, республиканың әр елді мекеніндегі барлық мектепте, мектептен тыс ұйымдарда және колледждерде жас суырып салма ақындардың «Ақындар айтысы» ақтық сайыстары өтті.
«Бұл шарада 400 мыңнан астам оқушы түрлі жанрда бақ сынасып, нағыз ақындық жекпе-жектің ерекше күйін сыйлады. Байқаулар «Бәдік», «Жар-жар», «Жұмбақ айтысы», «Қыз бен жігіт айтысы», сондай-ақ «Жануар мен адамның айтысы» мәнерінде өтті», - деді РҚБОӘО-ның директоры Раиса Шер.
Бұл байқау рухани-адамгершілік, эстетикалық және ұлттық тұрғыдан дамудың, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің патриоттық құндылықтарын қалыптастырудың негізгі факторы.