4.02.2017, 15:35
Оқылды: 68

«Ақжол» партиясы –кәсіпкерлік палатасында

Azat peruashev  Облыстық кәсіпкерлер палатасының  мәжіліс залында  Елбасының  Жолдауын қолдауға арналған тағы бір жиын өтті. 

  Бұған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары  Азат Перуашев, Кеңес Әбсәтіров, облыс әкімінің орынбасары Игорь Стексов  және «Ақ жол» партиясының облыстық бөлісшесінің өкілдері мен жергілікті кәсіпкерлер қатысты.


   -Елбасы биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында көптеген өзекті мәселелерге өз көзқарасын  білдіріп, бұған қатысты нақты тапсырма берді. Мемлекет басшысы бұл жолы да кәсіпкерлік саласын дамытуды басты назарда ұстап, бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту, сондай-ақ, кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіру  жөнінде тапсырды. Елбасының тапсырмасы бойынша елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 2050 жылға қарай кем дегенде 50 пайыз болуы керек. Біз, «Ақжол» партиясының мүшелері, Елбасының бұл бағыттағы ұсыныстарын толық қолдап, тапсырмаларын жүзеге асыруға дайынбыз. Жаңа Жолдауда  Елбасымыз «Үкімет «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен (ҰКП) бірлесіп, бизнестің барлық шығынын жаппай азайту жөнінде шаралар қабылдауы қажет. Бұл әсіресе энергетика, көлік және логистика, сондай-ақ, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы салаларындағы қызмет көрсету құнына қатысты» деді. Осыған орай, мен монополистердің электр қуатын, су мен газдың тұтыну құнын жөнсіз көтеріп, кәсіпкерлердің жұмыс жасауына кедергі келтіріп отырғанын айтқым келеді. Нақ осы мәселе жөнінде бізге кәсіпкерлер жиі шағымданады. Сондай-ақ, екінші деңгейлі банктердің бизнсті қолдауға ықылассыздығы да айтуға тұратын мәселе, -деген  Азат Перуашев мемлекеттік сатып алу ісінде де түйткілді мәселелердің жетіп-артылатынын алға тартты. «Ақ жол» партиясының  Парламенттегі өкілі  саяси  рефрма мәселесіне де тоқталып, өзі басқаратын партияның тек Елбасы Жолдауын жоғары бағалап қана қоймай, оны жүзеге асыруға дайын екенін де жеткізді.

  Жиын барысында  кәсіпкерлер өз жұмыстарында жиі кездесіп қалатын кедергілер мен құқық бұзушылықтар жөнінде айтып, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарынан  мұны заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы шешіп беруді сұрады.

   Мысалы, СКФ «Отделстрой» ЖШС директоры Валентина Михно екінші деңгейлі банктердің несиені жеке кәсіпкерлерге 7-14 пайызбен беретінін айтып, Үкімет құрылыс компанияларын қаржыландыруды «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-на жүктесе деген тілегін жеткізді. Ол, сондай-ақ, құрылыс нысандарын коммуналдық қызмет жүйесіне қосудың өте қымбат екенін айтып, халық қалаулыларынан мұны арзандату жолын қарастыруды сұрады.  «Василец» ЖШС-ның басшысы мемлекеттік сатып алу ісінде заң бұзушылықтардың жиі орын алатынын айтты. Оның сөзін мақұлдаған «СтеклоСервис» ЖШС жетекшісі Александр Рубцов заң бұзушылықтың кесірінен ел аумағында тұрғанымен, өз компаниясының әлеуеті бола тұра, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі бойынша өткізілген тендерде жеңе алмағанын айтып, қынжылды.

     Жиынды қорытындылаған Азат Перуашев ҚР Ұлттық бнкінің тек инфляцияға ғана емес, сонымен қатар, ел экономикасының өсіміне де жауапты екенін айтып, «Ақжол» партиясының  ел экономикасын көтеру үшін бар күш-жігерін салатынын жеткізді.

Айша ӨТЕБӘЛІ

«Орал өңірі»

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале