5.05.2020, 14:06
Оқылды: 48

42500.enbek.kz сайтына 450 мыңнан астам өтініш түсті

Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған азаматтардың әлеуметтік төлем алуға байланысты өтініштері қаралуда. Бұл туралы Еңбек ресурстарын дамыту орталығы хабарлады.

3C133E83-292D-40E7-B10F-9D3933620FB0

«2020 жылғы 4 мамырдағы жағдай бойынша https://42500.enbek.kz сайтына 451,6 мың өтініш келіп түсті. Оның ішінде тек 4 мамырда 11 мыңнан астам өтініш тіркелді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның мамандары келіп түскен барлық өтініштерді қарап, төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлем алуға өтініш беру тәртібі туралы, әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тарту себептері жайында, бірыңғай жиынтық төлемді қайтару тәртібі туралы және басқа да сұрақтарға түсініктеме береді», - делінген орталық хабарламасында. Атап айтқанда, өтініштердің басым көпшілігі ТЖ кезеңінде табысты жоғалтуына байланысты әлеуметтік төлемді есептеу тәртібіне, сондай-ақ оны тағайындаудан бас тарту себептеріне қатысты. Әрбір өтініш жеке қаралып, азаматтарға өтінімде жіберген қателерді жоюға, сол арқылы әлеуметтік төлемді алуына көмек көрсетіледі. Айта кетсек, ең жиі кездесетін қателер бұл - азаматтардың ЖСН, сондай-ақ банктік шот нөмірін дұрыс көрсетпеуі.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале