10.04.2017, 19:55
Оқылды: 26

Су тасқынын болдырмау және суды тиімді пайдалану маңызды

pavodki (1)  Облыс әкімі Алтай Көлгіновтың ресми қабылдауында болған БҚО төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Жасұлан Жұмашев қаладағы және аудандардағы су тасқыны бойынша жағдайды баяндады.


  Оның айтуынша, бүгінде өңірдегі су тасқыны бойынша жағдай тұрақты. Осы аптадағы демалыс күндері ТЖ департаментінің тобы Быковка, Рубежка өзендерінде, Ветелки ауылында болып жағдайды зерделеді. «Қазіргі уақытта Хамино және Жалпақтал ауылдары бақылауға алынды. Жалпақталдағы Қараөзен өзенінің су аңғарына су толған, соның кесірінен бес тұрғын үй ауылдан бөлініп, оқшау қалды. Төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері күн сайын осы оқшау үйлердің тұрғындары мен оқушыларын ауылға судан қайықпен өткізуде,- деді Ж. Жұмашев.

  Ж. Жұмашевтің айтуынша, облыс әкімі А. Көлгіновтың тапсырмасы бойынша осы аптада көршілермен, Орынбор облысының Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Сергей Балыкинмен жеке кездескен. Ресейлік көршілер негзгі суды Ириклин су қоймасынан емес, Бузулук өзенінен келеді деп күтуде. Биыл ол жақта өткен жылғымен салыстырғанда қар қоры әлдеқайда аз.

  «Қазсушар» РМК БҚО филиалының мәліметтеріне қарағанда, Ресейдің Ириклин су қоймасы су жіберу секундына 25 текше метрді (өткен жылы сәйкес мерзімде бұл көрсеткіш 90 текше метрді, 2015 жылы 30 текше метрді құрады) құрайды. Ресейдің Варфоломеев су қоймасынан су жіберіліп жатқан жоқ.

  Облыс әкімі Алтай Көлгінов тасқынды болдырмаудың, сонымен қатар көктемгі суды ауыл шаруашылығы қажеттілігіне пайдалану үшін сақтап қалудың маңыздылығына тоқталды. Осыған байланысты өңір басшысы БҚО ТЖ департаментінің бастығы Ж.Жұмашевқа осы аптада Қазталов, Жаңақала аудандарына барып, көктемгі су қорын жинақтау жұмыстарымен танысуды тапсырды. Сонымен қатар Қараөзен, Сарыөзен өзендеріне, барлық су қоймаларына судың толуы жайын көріп, жағдайды баяндау қажеттігін ескертті.

  Ж. Жұмашев өзендердегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты ахуалмен таныстырды. Оның айтуынша, Деркөлдегі су деңгейі  көтеріліп, соның салдарынан Шаған өзені суға толыққан,  яғни 57 сантиметрге көтерілген. Ал Жайық өзені бойынша  су деңгейінің көтерілуі әдеттегідей мамырдың бірінші онкүндігінде емес, ертерек сәуір айының  соңына таман болады деп күтілуде. Жайық өзені бойынша қауіпті деңгей 8 метрді құрайды, алайда биыл өзендегі су 600-ден 650 сантиметрге көтеріледі деп болжануда.

  Су тасқыны мерзіміне орай 82 жедел топ құрылып, 28 эвакуациялық пункт дайындалған. Барлық саяжай қоғамдары бойынша қауіптің алдын алу шаралары жүргізілген.

Лучия КУРАРАРУ

Фото Айбатыр НҰРАШ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале