18.05.2017, 10:42
Оқылды: 56

Тәртіп сақшылары оқушыларға акция өткізді

Balalar Lezov   Батыс Қазақстан облысының тәртіп сақшылары республикалық «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі»  іс-шарасы аясында  облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернат кешеніне барды.


   БҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасының бөлімі бастығы  полиция полполковнигі Н.Лезов мектеп ауласында арнайы дайындалған жол ережесін түсіндіру алаңында балаларға жол ережесін көрнекі құралдары арқылы түсіндірді. Кейін оқушылар арасында жол қауіпсіздігі аясында сурет салған үздік 17 суретшіге Ресей елінен келген  «Акула» цирк-шапито өнер түріне билеттер ұсынылды. Цирк ұйымдастырушысы Сова Юлия: «Мұндай акциялардың оздырылуы өте орынды. Себебі осындай шаралар арқылы біз оларға бір қадам жақындаймыз. Біз де акцияға кішігірім өз үлесімізді қосқанымыз үшін өте қуаныштымыз», - деді.

БҚО ІІД баспасөз қызметі

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале