Облыс әкімі Алтай Көлгінов Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасының ұжымына жаңа басшысын таныстырды. Бұған дейін сол басқарманың дінтану сараптамасы, мониторинг және ақпараттық талдау бөлімі басшысы лауазымын атқарып келген, «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында көрсетілген меритократия қағидасына сәйкес, Ғиззатов Саялбек Махамбетұлын тағайындалды.
Ғиззатов Саялбек 1984 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. 2005 жылы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін, 2012 жылы «Еуразия» академиясын тәмамдаған.
Облыс әкімі Алтай Көлгінов басқарма басшысына табысты жұмыс тіледі.
Ғиззатов Саялбек Махамбетұлы
zhaikpress.kz