13.07.2017, 10:30
Оқылды: 52

Оралда 402 дана киік мүйізін тасымалдаған тұрғын сотталды

Kyik myizin tasimaldagan   Орал қалалық сотының 12 шілде күнгі үкімімен Нұрғали Байтақов ҚР ҚК 339-бабына сәйкес айыпты деп танылып, оған 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді.

  «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңы 3-бабы қолданылып, Н.Байқатовтың жазасы сол мерзімге бас бостандығын шектеумен ауыстырылды.


       Орал қалалық сотынан түскен мәліметке қарағанда, Н.Байқатов сот залында босатылды. Сот талқысында айтылғанындай, 1967 жылғы Н.Байқатов тергеу барысында анықталмаған тұлғалармен қылмыстық келісімге келіп, 402 дана киік мүйізін Алматы қаласына жеткізбекші болған.

         Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

      Еске сала кетейік, жедел алдын алу шарасы барысында БҚО ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері 2016 жылы 15 сәуір күні таңғы сағат 05.30-да Орал қаласындағы теміржол вокзалы аумағынан Н.Байқатов айдаған «Тойота Королла» автокөлігін тоқтатып, тексерген кезде көлік салонынан 402 дана киік мүйізі табылған болатын. Мұның құны 170 млн теңге тұрады.

Елжан Ералы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале