29.06.2022, 9:30
Оқылды: 82

48 оқушы «IQanat-2022»  олимпиадасында бақ сынады

Жақында  Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев университетінде IQanat білім қорының ауыл балаларына арналған олимпиадасының үшінші республикалық туры өтті. Білім додасында өңірімізден  48 оқушы бақ сынады.

289563111_1458951867887284_1130920350051705223_n

Ауыл оқушылары арасындағы ең ауқымды офлайн олимпиаданы сапалы білім алуға жол ашу үшін «IQanat» қоғамдық қоры ұйымдастырды. Осы орайда атап өтер жайт, соңғы төрт жылда 137 мыңға жуық ауыл оқушысы сапалы білім алу мүмкіндігіне ие болды.«IQanat» олимпиадасы және Қордың басқа да бағдарламалары ауылдан келген мыңдаған балаға ең жоғары технологиялы мектептердің бірі - IQanat High School of Burabay-ға оқуға түсуге мүмкіндік беріп, озық үлгілі педагогтермен пікірлесудің баға жетпес тәжірибесін сыйлап, көкжиегін кеңейтеді. Жалпы өмір сүру деңгейін арттырып, нәтижесінде ауыл балаларының үздік жоғары оқу орындарына түсуіне жол ашады. Қор бағдарламаларының түлектері, яғни ауыл мектептерінің оқушылары Nazarbayev University, University of Purdue, Polytechnic University of Hong Kong, University of Chicago және тағы басқа жоғары оқу орындарында білімін жалғастыратын болады.

Бұл жолғы білім бәсекесіне еліміздің әр өңірінен 750 бала қатысып, физика-математикалық және гуманитарлық бағытта бақ сынады. Білім бәйгесінің нәтижесінде бәйтеректік Артем  Азатян казталовтық Дильназ Бек0алиева, қаратөбелік Ерхан Аманғалиев, теректілік Молдаш  Бақтыгерей  IQanat High School of Burabay мектебінің сертификатын иеленді.Сондай-ақ тасқалалық Мария Медекенова  география пәнінен екінші орын, теректілік Қымбат Уагап үшінші орын, казталовтық Дәулет Ахметқали қазақстан тарихы пәнінен үшінші орын иеленді.

– Салтанатты 3с-шараға ҚР Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоқжанов, «Iqanat» қорының бас құрылтайшысы Айдын Рахымбаев бастаған меценаттар, елімізге белгілі тұлғалар, білім ордасының басшылары қатысты. Балаларға ҚР Білім және ағарту министрі Асқат Аймағанбетовпен жүзбе-жүз кездесу де бұйырды. Осы ұмытылмас  бес күн  балаларымыздың білімге деген құштарлығын арттырып, болашақтарына сенім ұялатты, - деп атап өтті «IQanat»қоғамдық қорының БҚО бойынша үйлестірушісі Жанат Танабаева.

Гүлжамал Жолдығали,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале