11.12.2020, 10:05
Оқылды: 41

48 жеңімпаздың сегізі оралдық

Айта  кетсек, аталмыш байқауға қатысу үшін еліміздің түкпір-түкпірі мен шетелдерден  768 өтінім келіп түсіп, екі  іріктеу кезеңі өткен. Онда тәжірибелі қазылар алқасы қатысушылардың ішінен «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығының 48 жеңімпазын анықтады.

17EB7FBF-C94E-45E6-BDDA-C5AE06D5C68B

Облыс әкімі байқау қорытындысы бойынша анықталған «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы мен «Жомарт жүрек» сыйлығы иегерлерінің марапаттарын табыстады. Олардың арсында  «Үздік әлеуметтік көмекші» аталымының иегері, «Волонтеры солнечного Уральска» волонтерлік тобының жетекшісі Ғалия Бекқожиева, «Төтенше жағдайды жоюға белсенді қатысқаны үшін» аталымының жеңімпазы Дулат Мақатов, «Құқықбұзушылық құрбандарына көмек көрсетуге белсенді қатысқаны үшін» номинациясының жеңімпазы Мәдина Құспанова, «Салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысқаны үшін» үздік деп танылған Санжар Әжімұрат  бар.

«Бейбітшілікті, достық пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін» Талғат Чудобаев, «Тарихи-мәдени мұраларды сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін» ғылыми зерттеулерді қолдау қорының жетекшісі Айболат Кұрымбаев, «Жануарларды қорғау мәселелерін шешуге қосқан үлесі үшін» «Хатико» жануарларға арналған баспанасының жетекшісі Әсел Садықова, «Әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін» аталымы бойынша «Біз біргеміз» волонтерлік тобы (жетекшісі Айнұр Әліпқалиқызы) республика бойынша үздік деп танылды.

Ал қайырымдылық пен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арқалап, еліміздің дамуы мен өркендеуіне үлес қосып жүрген жаны жомарт жандарды көтермелейтін дәстүрлі «Жомарт жүрек» сыйлығының «Ерен еріктілік» аталымы Құдайберген Сұлтанияровқа  бұйырды.

Облыс әкімдігінің жұртшылықпен  байланыс жөніндегі қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале