28.05.2021, 16:14
Оқылды: 52

49012 жеке тұлғаның салықтық қарызы – 696,7 млн ​​теңге

Биылғы жылдың мамыр айындағы есеп бойынша 49012 жеке тұлғаның салықтық қарызы 696,7 млн ​​теңгені құрады. Соның ішінде мүлік салығы 57,1 млн теңге, жер салығы 11,5 млн теңге және көлік құралдарына салынатын салық 628,1 млн теңге шамасында төленбеген. Бұл туралы БҚО өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Тұрғындардың мүлік, жер және көлік салықтарының төленуі туралы» тақырыбындағы брифингте айтылды. Спикерлер – БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Тимур Төлепов пен осы департаменттің түсіндірме жұмыстар басқармасының басшысы Айман Қуанова.

 1

Тұрғын үйлер, пәтерлер, гараждар,  саяжайлар, жер учаскелері мен кез-келген көлік құралдары – салық салынатын нысандар. Жыл сайын жылжымалы және жылжымайтын мүлікті тіркеу және есепке алу саласындағы мемлекеттік уәкілетті құрылымдар салық құрылымдарына осындай нысандары бар барша жеке тұлға жөнінде мәлімет беріп отырады. Одан әрі жергілікті салық салынбайтын жеке тұлғалардың, бөлек тұратын зейнеткерлердің, шаруа қожалықтарының тізімдері және басқа да мәліметтер жинақталады.

- Барлық мәлімет жинақталғаннан кейін салық құрылымдары Салық кодексінің 493-бабына сәйкес көлік құралдарына салықтарды 1 мамырға дейін, мүлік пен жер салығын 532-бапқа сәйкес есепті жылдан кейінгі жылдың 1 шілдесіне дейін есептейді. Алайда көлік құралдары үшін салық төлеу мерзімі 1 сәуірге дейін, мүлік пен жер учаскелері салықтарын төлеу мерзімі есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қазанына дейін төленеді. Егер салық төлеушілер салықты ертерек төлемеген жағдайда және оның бюджетке бұрыннан қарызы болса, онда Салық кодексінің 114-бабына сәйкес салық төлеушіге 20 күн ішінде хабарлама жазылып, табыс етіледі. Бұдан кейін 115-бапқа сәйкес қарызды ерікті түрде төлеу үшін оған 30 жұмыс күні беріледі, - деді Тимур Төлепов.

3

Хабарлама салық төлеушіге жеке қолына, электронды түрде, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы немесе жіберу-алу фактісін растайтын басқа тәсілмен жеткізіледі. Электрондық әдіс Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық құрылымдарымен электронды түрде өзара іс-қимыл жасайтын салық төлеушілерге қатысты қолданылады. Бұл әдіс «электрондық үкіметтің» веб-порталында тіркелген салық төлеушілерге де қатысты. Осындай ескерту жұмыстарынан кейін де салық төлеуші ​​өзінің қарызын өтемесе, Салық кодексінің 128-бабына сәйкес  қарызы 1 АЕК-тен асатын барша борышкерге автоматты түрде салық бұйрығы шығарылып, жолданады. Егер салықтық бұйрық табысталған күннен бастап, бес жұмыс күні ішінде қарыз төленбесе, онда электронды түрде сот орындаушыларына мәжбүрлеп орындау үшін жолданады. Одан әрі  қарай, сот орындаушылар жеке тұлғалардың банктік шоттарын бұғаттайды, жылжымалы және жылжымайтың мүліктерін тіркеу операцияларына, сонымен қатар еліміздің аумағынан тыс жерлерге шығуға да шектеу қояды.

- Қарыз пайда болған сәттен бастап қарыз мөлшері «e-Salyk Азамат» тегін және екінші деңгейлі банктердің мобильдік қосымшаларынан көрінеді. Салықтарды төлеу жөнінде теледидардан, радиохабарлардан айтылып,  газеттерде мақалалар жариялануда, қоғамдық көліктердегі, базарлар мен сауда үйлерінің радиотораптардан хабарлануда. Сондай-ақ борышкерлердің тізімдерін салық төлеушінің тіркеу орны бойынша КСК мен ауылдық әкімдіктерге, «Батысэнергоресурс» (БЭР) мекемесі және басқа да коммуналдық ұйымдарға жіберіліп, хабарлама тарату арқылы жүргізілуде. Борышкерлердің тізімдері подъездердің кіреберістерінде ілініп, ірі ұйымдар мен кәсіпорындарға жұмыс орнындарына жіберіледі. Қарызды өндіруде «Автоураган» мен «Аркан» шараларының мүмкіндіктері пайдаланылады.  Жеке сот орындаушылармен, жергілікті және жол полициясы қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік іс-шаралар жүргізіледі, - деді Айман Қуанова.

5

Спикерлердің айтуына қарағанда, өткен жылы жеке тұлғалардан түсетін жергілікті салықтар жоспары 1,6 млрд теңге болса, нақты түсім 1,7 млрд теңгені құраған. Яғни жоспар 103,6%-ға орындалды. Оның ішінде мүлік салығының жоспары 301,0 млн теңгенің орнына 344,5 млн теңге (114,5%) болып орындалды. Ал жер салығының жоспары 182,2 млн теңге болып көрсетілгенімен, іс жүзінде нақты түсім 183,4 млн теңге (100,7%) болды. Ккөлік құралдарының салығының жоспары 1,1 млрд теңге болса, нақты түсім 1,2 млрд теңгені (101,2%) құрады.

Ал 2021 жылдың өткен кезеңінде жергілікті салықтар бойынша жеке тұлғалардан түсетін салықтар шамасы жоспарлы 491,2 млн теңгенің орнына 952,4 млн теңге (193,9%) болып асыра орындалды. Оның ішінде мүлік салығының жоспары 39,7 млн теңге болса, нақты түсім 56,3 млн теңгені (141,7%) құрады. Жер салығының түсімі жоспарлы 53,2 млн теңге емес,    90,6 млн теңге (170,5%) болды. Көлік құралдары салығының түсімі жоспарлы  398,3 млн теңгенің орнына 805,5 млн теңгеге (202,2%) жетті.

4

2021 жылдың мамырдағы 49012 жеке тұлғаның салықтық қарызы 696,7 млн ​​теңгені құрады, оның ішінде мүлік салығы 57,1 млн теңге, жер салығы 11,5 млн теңге және көлік құралдарына салынатын салық 628,1 млн теңге болып отыр. Осыған дейін хабарланғандай, «E-salyq-Азамат», «Электрондық салық әмиян» мобильді қосымшасы 2020 жылдан бастап іске қосылды. Оны «App Store» немесе «Play Market» әншейін жүктеп  алуға болады. Бұл қызметтер азаматтарға салық төлеу мерзімі аяқталғанға дейін дайын реквизиттерді пайдалана отырып төлемдер жасауға және алдағы салық шамасын білуге ​​мүмкіндік беруге береді. Бұрын салық төлеуші ​​банкке барып, кезекке тұрып, банк комиссиясын төлеуге, салықты төлеу үшін  түрлі мәліметтер мен кодтарды таңдап алуға мәжбүр болатын. Салық әмиянын онлайн режимде толықтыруға, жер, мүлік, көлік құралдарына салынатын салық шамасын автоматты түрде шығаруға және қарауға болады. Салық салу нысандары туралы мәліметтерді түзету үшін уәкілетті мемлекеттік құрылымдарға аяықтай бармай-ақ, электронды өтініштер жіберуге болады.

- Қазіргі уақытта ҚР Үкіметі салық берешегі үш жылдан астам уақыт бойы төленбеген жылжымалы және жылжымайтын мүлікке рақымшылық жасау туралы Қаржы министрлігінің ұсынысын қарау үстінде.  Оңайлатылған тәртіппен ондай мүлікті есептен шығару мүмкіндігі ойластырылуда. Жоғарыда көрсетілген рақымшылық жасау үшін салық салынатын нысандарға (мұрагерлері жоқ қайтыс болған, ел аумағынан шығып кеткен, бұзылған және иесіз қалған жылжымайтын мүліктер, физикалық тұрғыда жұмыс істемейтін көлік құралдары, техникалық байқаудан өтпейтін ауыл шаруашылығы техникалары (өртенген, бөлшектелінген және тағы басқалары) түгендеу жүргізу ұсынылады, - деп қорытты брифингті Тимур Төлепов.

 

Гүлбаршын Әжігереева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале