Қазталов ауданы Әжібай ауылының тұрғыны О. «Урал» маркалы мотоциклімен шығып, даладан 5 киікті атқан. Аттан киіктерінің мүйізін кесіп алған. Осындай заңсыз әрекет жасап жүрген кезінде «Охотзоопром» инспекторларының құрығына іліккен. Қазталов аудандық соты О.-ға 6 миллион 360 теңге шығынды өндіруге және ҚК-тің 337 бабының 4 бөлігі 2,4 тармақтарымен кінәлі деп тауып, екі жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Сонымен қатар «Урал» маркалы мотоциклі мен 1 дана 16-шы калибрлі ИЖ-К маркалы аңшылық мылтығы тәркіленді.
Мөлдір ӘНУАРБЕК