2.04.2025, 16:15
Оқылды: 91

5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтерді пайдалануға тыйым салынады

Ішкі істер министрлігі ағымдағы жылдың 5 сәуірінен бастап тіркелмеген мопедтерді пайдалануға тыйым салынатынын еске салады.

istockphoto-2151734676-2048x2048

Сурет: istockphoto.com

Сонымен қатар, мопедтерді жүргізуші куәлігінің А1, А немесе В санаттары болған жағдайда ғана басқаруға болады.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін ІІМ мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ ХҚКО-лардың жұмыс кестесін өзгертті.

Енді мопедтерді тіркеу үшін құжаттарды жұмыс күндері сағат 19.00-ге дейін, сенбіде сағат 14.00-ге дейін тапсыруға болады.

Бүгінгі таңда 17 мыңға жуық мопед тіркелген.

Азаматтарды осы рәсімді соңғы күнге кейінге қалдырмауға шақырамыз, өйткені ХҚКО-ларда кезекте тұрып қалу немесе тіркелмеген мопедті пайдаланғаны үшін айыппұл алу қаупі бар.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале